Оқыту философиямыз білім беру саласындағы белгілі зерттеуші Роберт Марцаноның оқыту моделіне негізделген. Бұл модельді жүзеге асырудың маңызды элементі, біздің түсінігімізше, мұғалімдердің педагогикалық қызметін жақсарту үшін – үздіксіз әдістемелік коучинг.
Әдістемелік коучинг – бұл мұғалімге оның атқарып жатқан қызметін талдауға, кәсіби даму үшін алдыға мақсат қоюға, сондай-ақ заманауи оқыту тәжірибелері мен әдістерін түсінуге қолдау көрсету. Мұғалімдерге бұл қолдауды Қор ұйымдастырған тиісті оқытудан өткен тәжірибелі әріптесі көрсетеді.